Президент кубогы: Астанадағы челленджер турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Елордада Президент кубогы үшін теннистен ерлер арасында өтетін челленджер турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.
Әмір алғашқы айналымда жапониялық Имай Шинтаромен, Заңғар тәжірибелі литвалық, әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.
Іріктеу сайысында Григорий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бақтияр және Даниэль Тазабеков бақ сынайды. Ислам түркиялық Арда Азкардан, Григорий жапониялық Тайсей Ичикавадан, Ерасыл оңтүстіккореялық Пак Юсунгтен, 17 жастағы Даниэль Жаронияның тағы бір өкілі Риотара Тагучиден өтуге тырысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или