Теннис. Монреаль турнирінде Рыбакина мен Путинцева бақ сынайды

27 шілде – 7 тамыз аралығында өтетін Монреаль (Канада) WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың 9-ракеткасы болып тіркелген, әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған Елена Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды.
Қазақстандық теннисші америкалықтар, әлемнің 50-ракеткасы Хейли Баптист немесе рейтингіде 150-сатыдағы Уитни Осуйвенің қай жеңгенімен кездеседі.
Қазақстанның екінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 260-орындағы қытайлық, іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі Ханьюй Гомен шеберлік байқасады.
Монреаль жарысы АҚШ ашық чемпионаты қарсаңындағы ірі турнирлердің бірі болып есептеледі.
Финал 7 тамызға белгіленген.
Қазақстанның ерлер арасында бірінші ракеткасы Александр Бублик Торонто (Канада) мастерс додасына қатысудан бас тартты. Есесіне ол 5-18 тамызда өтетін Цинциннати мастерс жарысында өнер көрсетеді.