Елена Рыбакина АҚШ-тағы жарыста қанша қаражат тапты?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің финалына өте алмады: жартылай финалдық кездесуде ол канадалық Лейла Фернандестен (36-орын) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалға қатысқаны үшін Рыбакина 71 205 доллар табыс тапты. Cондай-ақ 195 рейтингтік ұпайға ие болады.
Фернандес финалға шыққаны үшін 121 880 доллар мен 325 рейтингтік ұпай алды Шешуші кездесуде Лейла Анна Калинская (Ресей, 48-орын) - Эмма Радукану (Ұлыбритания, 46-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазымен чемпиондық атаққа таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или