Елена Рыбакина АҚШ-тағы жарыстың 1/2 финалында ұтылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) Вашингтонда (АҚШ) өткен турнирде сенсациялық жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен (36-орын) кездесіп, айқын фаворит саналды, бірақ үш сетте жеңіліп қалды - 7:6, 6:7, 6:7. Фернандес финалда Анна Калинская (Ресей, 48-орын) - Эмма Радукану (Ұлыбритания, 46-орын) матчының жеңімпазымен ойнайды.
Еске салайық, бұған дейін турнирде Елена Рыбакина канадалық теннисші Виктория Мбоконы (88-орын) - 6:3, 7:5 және польшалық Магдалена Французды (24-орын) - 6:3, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Биыл Вашингтондағы турнирдің жүлде қоры 1 282 951 долларды құрайды. Жеңімпаз 197 570 доллар жинап, 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или