Абу-Дабиде UFC on ABC 9 турнирі өтуде

Абу-Дабиде UFC on ABC 9 турнирі өтуде


Абу-Дабиде орналасқан Etihad Arena кешенінде UFC on ABC 9 турнирі өтіп жатыр. Бұл кеште бірқатар қызықты жекпе-жектер жоспарланған.

Кештің қосалқы басты айқасында UFC-дің бұрынғы чемпионы Петр Ян октагонға оралып, америкалық Маркус Макгимен күш сынасады.

Ал басты жекпе-жекте орта салмақтағы экс-чемпион Роберт Уиттакер мен ONE Championship өкілі, нидерландтық Ренье де Риддер қолғап түйістіреді.

Алдын ала кардта америкалық Брайс Митчелл ресейлік Саид Нурмагомедовпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл Нурмагомедовтің қатарынан екінші жеңілісі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или