Георгий Кичигин қарсыласын бірнеше секундта ұйықтатып тастады

Алматыда өткен OCTAGON 76 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы қазақстандық ардагер Георгий Кичигин октагонға шықты. Оның қарсыласы — бразилиялық Педро Фарриас. Бұған дейін Фарриас өзбек нокаутшысы Шохасан Мирзаматовты жеңіп, көзге түскен еді.
Алайда бұл жолы бразилиялық көпке шыдамады. «Рыцарь» лақап атымен танылған Кичигин қарсыласының мойнын дәл ұстап, тұншықтыру әдісін қолданды. Техникалық шеберліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық файтер жекпе-жекті небәрі бірнеше сәтте аяқтады.
Фарриасты ұйықтатып тастаған сәтте төреші араласып, жекпе-жекті тоқтатты. Бұл Кичигин үшін кезекті жарқын жеңіс болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или