Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем чемпионатын сәтті бастады

Семсерлесуден Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы сапы жаттығуының жекелей сайыстары бастау алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан атынан бұл бағдарламада Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов және Руслан Курбанов бақ сынады.
Әлемдік рейтингтегі жоғары көрсеткішінің арқасында арқасында Руслан Курбанов келесі айналымға бірден іріктеусіз шықты. Ал қалған спортшыларымыз плей-офф-қа шығу үшін іріктеу бәсекелеріне қатысқанымен, олардың арасынан тек Вадим Шарлаимов қана өтіп, жарысты жалғастыратын болды.
Вадим Шарлаимов – Лука Катамадзе (Грузия) — 15:9
Вадим Шарлаимов – (AIN) Егор Ломага (Бейтарап спортшы) — 15:14
Ерлік Сертай – Кристофер Келли (Швеция) — 15:12
Ерлік Сертай – Леон Сяо (Канада) — 13:15
Эльмир Алимжанов – Роман Свичкарь (Украина)— 7:15
Айта кетейік, ерлер арасындағы командалық сапы жарыстары 29 шілдеде басталады. Бұл бәсекеде Эльмир Алимжановтың орнына Кирилл Проходов өнер көрсетеді.