Еламан Утаров OCTAGON 76 турнирінде алғашқы жеңілісіне ұшырады

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 76 турнирінде ең жеңіл салмақтағы басты кардтың кезекті жекпе-жегі өтті. Бұл жолы октагонда қазақстандық Еламан Утаров пен Тәжікстаннан келген Шодмон Давлятов кездесті.
Бірінші раунд тартысты өтті. Ал екінші раундтың соңына таман Утаров басымдықты өз қолына алғандай болғанымен, күтпеген қарсы шабуылдан кейін қылқындыру әдісіне түсіп қалды.
Нәтижесінде, Давлятов жеңісін мерзімінен бұрын аяқтап, жеңілмеген сериясын жалғастырды. Утаров үшін бұл мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.
OCTAGON 76 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы қазақстандық чемпион Георгий Кичигин бразилиялық Педро Фарриаспен кездеседі.
Ал кештің ко-мейн ивентінде тағы бір тәжірибелі отандасымыз Олжас Ескараев октагонда Бразилия өкілі Диего Сильвамен жұдырықтасады.
Турнирді мына сілтеме арқылы тікелей эфирде көруге болады.
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet