Айбек Ерметов қарсыласын 40 секундта сұлатып түсірді

Айбек Ерметов қарсыласын 40 секундта сұлатып түсірді


OCTAGON 76 турнирінде ауыр салмақтағы екінші жекпе-жек тез аяқталды. Алматыда өткен кештің бұл кездесуінде екі қазақстандық файтер — Рустем Ерғали мен Айбек Ерметов — октагонда жолықты.

Көптен күткен бұл айқас небәрі 40 секундқа ғана созылды. Ерметов қарсыласына жойқын соққы жасап, Ерғалиді ес жиғызбай тастады. Нәтижесінде төреші техникалық нокаут тіркеп, жеңіс Айбек Ерметовке бұйырды.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Георгий Кичигин мен бразилиялық Педро Фарриас күш сынасады. Оған дейін тағы бір Қазақстан мен Бразилия арасындағы айқас өтеді — Олжас Есқараев Диего Сильвамен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или