Өзбек файтері Алматыдағы турнирде рекордын 7-0-ге жеткізді

Алматыда өткен OCTAGON 76 турнирінде жеңіл салмақтағы басты кардтың алғашқы жекпе-жегі өтті. Кездесуде Қырғызстаннан келген Мелисбек Абдрахманов пен өзбекстандық Хумоюн Ибрагимов күш сынасты.
Октагонға сенімді шыққан Ибрагимов алғашқы раундта-ақ басымдық танытып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Жекпе-жек толық раундқа да созылған жоқ.
Бұл жеңіс Хумоюн Ибрагимовтің кәсіби мансабындағы алтыншы жеңісі болды. Ол әлі де жеңіліс көрмеген.
OCTAGON 76 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы қазақстандық чемпион Георгий Кичигин бразилиялық Педро Фарриаспен кездеседі.
Ал кештің ко-мейн ивентінде тағы бір тәжірибелі отандасымыз Олжас Ескараев октагонда Бразилия өкілі Диего Сильвамен жұдырықтасады.
Турнирді мына сілтеме арқылы тікелей эфирде көруге болады.
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet