Қазақстандық файтер Алматыдағы турнирде қарсыласын сенімді жеңді

Еуразиялық жекпе-жек лигасы ұйымдастырған Алматыдағы OCTAGON 76 турнирінде басты кардтың соңғы жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Ауыр салмақта қазақстандық Полат Мурсалиев (3-2) пен тәжікстандық Бунёд Акулов (2-2) октагонға шықты.
Мурсалиев жекпе-жектің алғашқы сәтінен-ақ басымдықты өз қолына алып, кездесуді бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқтап, жеңіске жетті.
Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (32-10) келесі жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) кездеседі.
Ал негізгі жекпе-жекте тағы бір атақты отандық файтер Олжас Есқараев (16-8) өнер көрсетеді. «Қыпшақ» Бразилияның тағы бір өкілі Диего Сильвамен (10-4) жұдырықтасады.
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet