«Ұлытау» сапына Румыния чемпионатында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы қосылды

«Ұлытау» сапына Румыния чемпионатында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы қосылды

32 жастағы украиналық футболшы Дмитро Юсов жезқазғандық «Ұлытау» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, жартылай қорғаушымен келісімшарт еркін агент мәртебесімен жасалды.

Қазақстанға келер алдында Юсов Украина, Беларусь және Румыния клубтарында өнер көрсетті. Оның карьерасында «Металлург», «Слуцк», «Торпедо-Жодино», «Ислочь», БАТЭ, «Черноморец» және «Металлист 1925» сынды командалар бар.

Өткен маусымды Юсов Румынияның «Униря Слобозия» клубында өткізіп, 22 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Қазір «Ұлытау» 17 турдан кейін 13 ұпаймен турнир кестесінің 12-орнында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или