OCTAGON 76 турнирінде кезекті жеңімпаз анықталды

OCTAGON 76 аралас жекпе-жек турнирі аясында кезекті жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық Дамир Рақымжанов (1-0) пен өзбекстандық Дониёр Абдужабборов (1-0) кім мықтыны анықтады.
Жекпе-жек бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен аяқталып, жеңіс Қазақстан өкілі Рақымжановтың еншісіне жазылды. Айта кетейік, Дамир бұған дейін белгілі қазақстандық файтер және актер Еркебұлан Тоқтармен сөзге келіп, жеңіл салмақтағы BMF титулын тартып алатынын мәлімдеген еді.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (32-10) келесі жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) кездеседі.
Ал негізгі жекпе-жекте тағы бір атақты отандық файтер Олжас Есқараев (16-8) өнер көрсетеді. «Қыпшақ» Бразилияның тағы бір өкілі Диего Сильвамен (10-4) жұдырықтасады.
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet