OCTAGON 76: өзбек файтері бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті

OCTAGON 76: өзбек файтері бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті

OCTAGON 76 турнирінде жеңіл салмақта прелим-кард аясындағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Октагонда Түркіменстан өкілі, самбо мектебінің түлегі Ходжакелды Ходжаков (1-1) пен танымал өзбек файтері Мансур Атаджонов (2-3) кездескен.

Жекпе-жек толық раундқа жеткен жоқ — Атаджонов бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, BMF титулына үміткер екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бұл белбеудің қазіргі иегері — танымал қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (32-10) келесі жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) кездеседі.

Ал негізгі жекпе-жекте тағы бір атақты отандық файтер Олжас Есқараев (16-8) өнер көрсетеді. «Қыпшақ» Бразилияның тағы бір өкілі Диего Сильвамен (10-4) жұдырықтасады.

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или