Қырғызстандық файтер OCTAGON 76 турнирінде сенсация жасады

Қырғызстандық файтер OCTAGON 76 турнирінде сенсация жасады

Еуразиялық жекпе-жек лигасы ұйымдастырған OCTAGON 76 турнирінің алдын ала кардындағы бесінші жекпе-жекте жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта Қырғызстаннан келген Бақберген Убакиров (1-0) пен Тәжікстан өкілі Шодмон Назокатов (1-1) күш сынасты.

Убакиров жанкүйерлер мен мамандарды таңғалдырып, жекпе-жекті бірінші раундта-ақ тұншықтыру әдісімен өз пайдасына аяқтады.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (32-10) келесі жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) кездеседі.

Ал негізгі жекпе-жекте тағы бір атақты отандық файтер Олжас Есқараев (16-8) өнер көрсетеді. «Қыпшақ» Бразилияның тағы бір өкілі Диего Сильвамен (10-4) жұдырықтасады.

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или