«Сарыарқа» сапына екі хоккейші қосылды

Қарағандылық «Сарыарқа» ХК сапына екі хоккейші қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сарыарқа» ХК құрамының жаңаруы!
Командамыздың қорғанысын Эдуард Михайлов толықтырды. Өткен маусымда Эдуард Көкшетаулық «Арлан» сапында өнер көрсетіп, 41 матчқа қатысып, 3 шайба соғып, 9 нәтижелі пас беріп, Қазақстан чемпионы атанды.Қош келдің, Эдуард!
Сондай-ақ, команда қатарына қақпашы Даниил Кудимов қосылды. Өткен маусымды Даниил «Ястребы» құрамында өткізіп, 26 матчта өнер көрсетіп, 91,3% сенімділік көрсеткішімен көзге түсті», - делінген клуб мәлімдемесінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или