Қазақстандық файтер Алматыдағы турнирде мерзімінен бұрын жеңіліп қалды

Қазақстандық файтер Алматыдағы турнирде мерзімінен бұрын жеңіліп қалды

Осы сәтте өтіп жатқан OCTAGON 76 турнирінде тағы бір мерзімінен бұрын аяқталған жекпе-жек тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қазақстандық Бекзат Талғатбеков (2-1) пен тәжікстандық Зикирьё Холмуродзода (2-2) октагонда күш сынасты.

Күтпеген нәтиже бірінші раундта-ақ орын алды — Тәжікстан спортшысы сәтті тейкдауннан кейін қарсыласын арқасынан тұншықтыру әдісімен жеңді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (32-10) келесі жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) кездеседі.

Ал негізгі жекпе-жекте тағы бір атақты отандық файтер Олжас Есқараев (16-8) өнер көрсетеді. «Қыпшақ» Бразилияның тағы бір өкілі Диего Сильвамен (10-4) жұдырықтасады.

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или