Қазақстандық файтер жекпе-жекті бірінші раундта аяқтады

Қазақстандық файтер жекпе-жекті бірінші раундта аяқтады

OCTAGON 76 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіл салмақтағы прелим-карды аясында кезекті жекпе-жек өтті, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақта Қазақстан атынан шыққан Кажымұқан Еркін (2-0), бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен Бекзат Алмаханның секунданттығымен, жеңіліп көрмеген өзбек файтері Амирхон Кадамовпен (2-0) кездесті.

Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталып, қазақстандық спортшының тамаша тұншықтыру әдісімен жеңіске жетуімен тәмамдалды. Бұл — Еркіннің кәсіби мансабындағы үшінші жеңісі.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (32-10) келесі жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) кездеседі.

Ал негізгі жекпе-жекте тағы бір атақты отандық файтер Олжас Есқараев (16-8) өнер көрсетеді. «Қыпшақ» Бразилияның тағы бір өкілі Диего Сильвамен (10-4) жұдырықтасады.

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или