OCTAGON 76 турнирінде жартылай жеңіл салмақта әсерлі жекпе-жек өтті

OCTAGON 76 турнирінде жартылай жеңіл салмақта әсерлі жекпе-жек өтті

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 76 турнирінде алдын ала кардтың екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде октагонға өзбекстандық Джамшид Нажмеддинов (1-0) пен қырғызстандық дебютант Акжол Сулайманбек уулу шықты.

Үш раундқа созылған ымырасыз әрі тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша жеңісті Нажмеддинов тойлады.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (32-10) келесі жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) кездеседі.

Ал негізгі жекпе-жекте тағы бір атақты отандық файтер Олжас Есқараев (16-8) өнер көрсетеді. «Қыпшақ» Бразилияның тағы бір өкілі Диего Сильвамен (10-4) жұдырықтасады.

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или