Алматыдағы турнирдің алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық проспект жеңіске жетті

Алматыдағы турнирдің алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық проспект жеңіске жетті

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 76 турнирі аясында жартылай жеңіл салмақта кештің алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстандық Зафар Рашидов (1-0) қырғызстандық Рустам Шабдыкадыровпен (1-0) кездесу өткізді.

Бірінші раунд тартысты өтті, ал екінші раундта өзбек файтері басымдықты өз қолына алып, жекпе-жекті техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл — Рашидовтың кәсіби деңгейдегі екінші жеңісі.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (32-10) келесі жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) кездеседі.

Ал негізгі жекпе-жекте тағы бір атақты отандық файтер Олжас Есқараев (16-8) өнер көрсетеді. «Қыпшақ» Бразилияның тағы бір өкілі Диего Сильвамен (10-4) жұдырықтасады.

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі — UNDERDOG

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или