Рыбакина мен Радукану WTA-500 турнирінің жұптық сынында жартылай финалдан бас тартты

Елена Рыбакина мен Эмма Радукану Вашингтонда өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирінің жұптық сынында өнер көрсетуден бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан және Ұлыбритания теннисшілері жартылай финалға дейін жеткенімен, Қытай–АҚШ жұбы — Чжан Шуай мен Тэйлор Таунсендке қарсы матчтан бас тартты.
Жұптық сында финалға Таунсенд пен Чжан шығып, америкалық Софья Кенин мен Кэролайн Доулхайдпен кездеседі.
Сонымен қатар, Рыбакина мен Радукану жекелей сында өнер көрсетуді жалғастырып жатыр. Елена жартылай финалда канадалық Лейла Фернандеспен, ал Эмма ресейлік Анна Калинскаямен кездеседі.
Турнир 27 шілдеде аяқталады, жүлде қоры — 1,2 миллион доллар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или