17 жастағы Қарағанды тумасы теннистен Қазақстан чемпионы атанды

17 жастағы Қарағанды тумасы теннистен Қазақстан чемпионы атанды

Қазақстанда теннистен ел біріншілігінің жекелей сында ересектер арасындағы финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы қарағандылық Әмір Омарханов Теміртау теннис мектебінің өкілі Григорий Ломакинмен кездескен. Бірінші сетте Омарханов 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, кейін Ломакин арқа жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.

Осылайша, Әмір алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Қола жүлде Ислам Орынбасарға бұйырды — оның қарсыласы Тимур Мауленов медициналық себептерге байланысты кездесуге шықпады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или