«Атлетико» ойыншысы мансабын Мессидің командасында жалғастырады

Мадридтік «Атлетико» жартылай қорғаушы Родриго Де Паульдің кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz
Аргентиналық футболшы мансабын Лионель Месси ойнайтын «Интер Майамиде» жалғастырады.
Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, трансфер сомасы 15 миллион еуроны құраған.
31 жастағы орталық жартылай қорғаушы 2021 жылдан бері «Атлетико» ойыншысы, мадридтік команда үшін 187 матч өткізіп, 14 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді.
Де Пауль Аргентина құрамасы сапында 2022 жылы әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или