Қазақстандық теннисші камбэк жасап, финалға шықты

Қазақстандық теннисші камбэк жасап, финалға шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Бублик нидерландтық Ботик ван де Зандсхюлпты 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Екінші сетте қазақстандық спортшы 0:3 және 1:4 есебімен жеңіліп жатқанымен, кездесудің барысын өзгертіп, жеңіске жете алды.

Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.

Турнирдің шешуші матчында Бублик француз Артур Казомен кездеседі. Финал 26 шілдеде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или