Бублик Канададағы турнирге қатысудан бас тартты

Бублик Канададағы турнирге қатысудан бас тартты

Әлемнің 30-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Торонто қаласында (Канада) өтетін «Мастерс» турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бубликтің орнына испаниялық Пабло Карреньо-Буста өнер көрсетеді.

Бұған дейін Торонто турнирінен ATP рейтингінің көшбасшысы италиялық Янник Синнер, әлемнің екінші ракеткасы испаниялық Карлос Алькарас және алтыншы ракетка сербиялық Новак Джокович бас тартқан. Ал бесінші ракетка, ұлыбританиялық Джек Дрейпер мен болгариялық Григор Димитров жарақат салдарынан жарысқа қатыспайды. Сондай-ақ америкалық Томми Пол да турнирде өнер көрсетпейді.

Торонтодағы «Мастерс» турнирі 26 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді. Аталған жарыстың қазіргі чемпионы — аустралиялық Алексей Попырин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или