Зарина Дияс Португалиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Зарина Дияс Португалиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші, әлемнің 269-ракеткасы Зарина Дияс Фигера-да-Фош (Португалия) ITF W100 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 239-ракеткасы, португалиялық Франсишка Жоржемен ойнады.

Зарина бірінші партияда 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сетте қарсыласына бір ғана гейм берді — 6:1.

Бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды.

Зарина Дияс финалға шығу үшін әлемнің 167-ракеткасы, таиландтық Ланлана Тараруди немесе рейтингіде 264-орындағы ресейлік Мария Тимофееваның қай жеңгенімен таласады.

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа өткен жылы оралған Зарина Дияс қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 261-орынға көтеріліп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или