Қазақстандық дзюдошылар Моңғолияда өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Моңғолияда өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады

Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Grand Slam сериясындағы халықаралық турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бес спортшымыздың ішінде финалдық кезеңге тек Бауыржан Нарбаев қана өтті. Ол 66 келіге дейінгі салмақта қола медальға үміткер болды.

Алайда үшінші орын үшін өткен белдесуде Нарбаев моңғолиялық Баттогтох Эрхембаярдан жеңіліп қалды.

Осылайша, турнирдің алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошылар жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или