DAR Pro Team жаттықтырушысы Асу Алмабаевтың дайындығы туралы айтты

DAR Pro Team жаттықтырушысы Асу Алмабаевтың дайындығы туралы айтты

Асу Алмабаев пен перулік Хосе Очоа арасындағы жекпе-жек қарсаңында DAR Pro Team бас бапкері Эдуард Базров команданың дайындығы жайлы айтып, жеңістен басқа мақсат жоқ екенін ашық мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз қазір ғана баспасөз мәслихатынан шықтық. Бәрі жоспар бойынша, бәрі анық. Уайымдамаңыздар. Біз шаршы алаңға шығып, не істей алатынымызды көрсетеміз. Бастысы – жеңіс», — деді Базров Legalbet.kz тілшісіне.

Алмабаев (21-3) пен Очоа (8-1) арасындағы айқас UFC on ABC 9 турнирінің негізгі кардын ашады. Жекпе-жек 26 шілдеден 27 шілдеге қараған түні Абу-Дабиде өтеді. Асу үшін бұл — наурыздағы жеңілістен кейін қайта оралу мүмкіндігі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или