Асу Алмабаев алдағы айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Асу Алмабаев алдағы айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турниріндегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы Перу елінен келген Хосе Очоа болады.

Асу таразыда 57,15 келі (126 фунт) көрсетті. Бұл — титулдық емес жекпе-жектер үшін рұқсат етілген лимит шегінде.  Ал Очоа сәл жеңіл шықты — 56,9 кг (125,5 фунт).

Айта кетейік, бастапқыда «Зульфикар» Өзбекстан өкілі Рамазан Темировпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда қарсыласы допинг сынағынан өте алмай, жарыстан шеттетілді. Оның орнына Хосе Очоа шықты.

UFC on ABC 9 турнирі аясындағы жекпе-жек 26 шілде күні 21:30-да басталады. Қазақстандық жауынгер жобамен 00:30-да шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или