Қазақстандық қақпашыға Түркия клубтары қызығушылық танытуда

Қазақстандық қақпашыға Түркия клубтары қызығушылық танытуда

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» клубының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Legalbet порталына берген сұхбатында Түркия клубтарынан қызығушылық барын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта қақпашының агенті түркиялық клубтармен келіссөздер жүргізіп жатыр екен.

«Маған Түркия клубтарының қызығушылығы жайлы айтсам – әзірге агентім сөйлесіп жатыр. Әрі қарай көреміз. Менің „Астанамен“ келісімшартым 2025 жылғы маусымның соңына дейін», — деді Сейсен.

Айта кетейік, ол осы жылы «Астана» сапында 13 матч өткізді. Ұлттық құрамада үш рет алаңға шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или