Қазақстанның бірінші ракеткасы жұптық сында кіммен бірге өнер көрсеткісі келетінін айтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы жұптық сында кіммен бірге өнер көрсеткісі келетінін айтты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінде аралас жұптық разрядта кіммен ойнағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің үздік теннисшілерімен жұптасу мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген Елена қазіргі таңда ең мықты екі ойыншы – Янник Синнер мен Карлос Алькарасті ерекше атап өтті:

«Меніңше, Синнер мен Алькарас – сөзсіз. Олар қалай доп соғады, ұшқан добы қандай – соны сезінгім келеді. Бұл ерекше мүмкіндік. Бірақ олардың деңгейінде ойнау оңай емес», – деді Рыбакина күліп.

Қазіргі уақытта Елена WTA-500 санатындағы Вашингтон турнирінде өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда ол Польшаның өкілі Магдалена Френхпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или