Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Алматыдағы WTT Youth Contender турнирінде үш медаль жеңіп алды

Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Алматыдағы WTT Youth Contender турнирінде үш медаль жеңіп алды

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі жалғасып жатыр.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлдеге ие болды.

Барлық үш медаль - қола. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін өткен матчта Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жол берді.

Осы жас санатында Арайлым Сапабек те жартылай финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға қарсы кездесуде 2:3 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қола жүлдені Нұрдәулет Азаматұлы (U13) жеңіп алды. Ол жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковпен өткен тартысты кездесуде 2:3 есебімен жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или