Александр Бублик ерекше жетістікке қол жеткізді

Александр Бублик ерекше жетістікке қол жеткізді

Әлемнің 30-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик мансабында 20-шы рет ATP турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 24 шілдеде Бублик жүлде қоры 596 035 еуроны құрайтын Китцбюхельде (Австрия) саздан жасалған ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты. Жаңбырға байланысты үзілген ширек финалдық кездесуде ол әлемнің 110-ракеткасы, қазақстандық Александр Шевченконы 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Бубликтің Китцбюхельдегі келесі қарсыласы голландиялық Ботик ван де Зандшульп болмақ. Китцбюхельдегі ATP-250 турнирінің қазіргі чемпионы италиялық Маттео Берреттини. 2024 жылғы финалда француз Уго Гастонды 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или