Александ Бублик Аустриядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Александ Бублик Аустриядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда отандасы, әлемдік рейтингіде 110-орында тұрған Александр Шевченкомен жолықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бублик қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсекеде Бублик 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Шевченко 2 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнттан ештеңе шығара алмады.

Жүлде қоры 596 035 еуроға бағаланған доданың финалына шығу үшін А.Бублик әлемнің 103-ракеткасы, нидерландылық Ботик ван де Зандсхулп немесе рейтингіде 152-сатыдағы бразилиялық Тьяго Уайлдтың қай жеңгенімен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или