Теннис. Рыбакина жұптық сайыста Вашингтондағы жарыстың 1/2 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен британдық Эмма Радукану жұптық сайыста Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/4 финалдық кезеңде Рыбакина мен Радукану Джулиана Олмос (Мексика)/Алдила Сутжиади (Индонезия) жұбымен кездесіп, екі сетте қарсыластарын ұтты – 7:6, 6:4. Осылайша қазақстандық және оның серіктесі турнирдің жартылай финалына шықты.
Еске салайық, Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) Вашингтондағы турнирде жекелей сында да өнер көрсетуде: ол канадалық теннисші Виктория Мбокоданы (88-орын) – 6:3, 7:5 есебімен қапы қалдырды. Турнирдің жүлде қоры 1 282 951 долларды құрайды. Жеңімпаз 197 570 доллар жинап, 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или