«Шахтер» сапына жартылай қорғаушы қосылды

Қарағандылық «Шахтер» жартылай қорғаушы Жаслан Қайыркеновпен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жаслан Қайыркенов «Шахтер» сапында және клубпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды. Ел чемпионы, Бірінші лига жеңімпазы, үлкен ойын тәжірибесі бар әмбебап жартылай қорғаушы», – делінген клуб хабарламасында.
Жаслан Қайыркенов «Астана» түлегі. 2018 жылы елордалық клуб сапында Қазақстан чемпионы атанған. Ал 2020 жылы «Атыраумен» Бірінші лиганы жеңіп алды. Қазақстанның U-17-ден бастап U-21 жасқа дейінгі құрамаларында ойнаған.
25 жастағы футболшы осы маусымды «Жетісу» сапында өткізіп, сегіз матчта бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или