Зайнутдиновтың әкесі ұлының «Динамоға» ауысуы туралы пікір білдірді

Зайнутдиновтың әкесі ұлының «Динамоға» ауысуы туралы пікір білдірді

Қазақстан құрамасы мен «Бешікташ» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың әкесі Батыржан Зайнутдинов ұлының мәскеулік «Динамоға» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бақтиердің «Динамоға» ауысатыны туралы менде ақпарат жоқ. Біз бұл туралы әлі сөйлескен жоқпыз, ол бұл туралы ештеңе айтпады», – деді Батыржан Зайнутдинов.

Зайнутдинов 2023 жылы жазда Мәскеудің ЦСКА клубынан ауысып, «Бешікташ» сапына қосылған болатын. Өткен маусымда ол барлық турнирде 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Қазақстандық футболшының түркиялық клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 3 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или