Гандболдан АЧ: Қазақстан қола жүлде үшін бақ сынайды

Гандболдан Қытайдың Цзинганшань қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы финалға жолдама ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жартылай финалда ұлттық құрама Жапонияға есе жіберді. Кездесу 39:24 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.
26 шілдеде Қазақстан Оңтүстік Кореямен кездеседі. Бұл ойында құрлықтық біріншіліктің қола жүлдесі сарапқа салынады.
Финалда Жапония мен Қытай құрамалары шеберлік байқасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или