WBC Шираз бен Мбилли арасындағы жекпе-жекті ұйымдастырмақ

WBC Шираз бен Мбилли арасындағы жекпе-жекті ұйымдастырмақ

WBC президенті Маурисио Сулейман Хамза Шираз бен Кристиан Мбилли арасындағы жекпе-жек өтетінін растады. Оның айтуынша, бұл кездесу Сауль «Канело» Альвареске міндетті қарсылас анықтау үшін қажет.

Шираз жақында Эдгар Берланганы нокаутқа жіберіп, ал Мбилли Мачей Сулецкиді жеңіп, уақытша чемпион атағын иеленген болатын. Осыдан кейін ұйым екі мықтыны бір-бірімен жолықтыруға шешім қабылдаған.

«Шираз — Берланга кездесуін іріктеу жекпе-жегі ретінде өткіздік. Енді Шираз Кристиан Мбиллимен кездесуге лайық. Бұл тартысты айқастың жеңімпазы абсолют чемпион Канелоға қарсы шығуға мүмкіндік алады», — деді Сулейман Brunch Boxing-ке берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или