Елена Рыбакина АҚШ-тағы теннис турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Турнирдің екінші кезеңінде Елена Рыбакина Канада өкілі Виктория Мбокомен кездесті.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 7:5 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті.
Рыбакина жартылай финалға шығу үшін америкалық Винус Уильямс пен польшалық Магдалена Фреш арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или