Бақтиердің әкесі «Динамодағы» трансфер туралы айтты

«Бешікташ» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың әкесі Батыржан Зайнутдинов ұлының мәскеулік «Динамоға» ауысатыны жайлы қауесеттерге қатысты пікір білдірді.
«Бақтиердің „Динамоға“ ауысатыны туралы ештеңе білмеймін. Бұл жөнінде біз сөйлескен жоқпыз, ол маған ештеңе айтқан жоқ», — деді ол «Чемпионат» порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов 2023 жылдың жазында ЦСКА клубынан «Бешікташқа» ауысқан болатын. Өткен маусымда ол барлық жарыстарда 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt дерегінше, ойыншының нарықтағы құны — 3 миллион еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или