Ақтөбеге келген чех жанкүйерлеріне полиция ескерту жасады

Ақтөбеге келген чех жанкүйерлеріне полиция ескерту жасады


Конференция лигасындағы «Ақтөбе» мен прагалық «Спарта» арасындағы матч алдында қазақстандық полиция шетелден келген жанкүйерлермен профилактикалық әңгіме өткізді.

Telegram-арналардың хабарлауынша, чех жанкүйерлері әуежайда тоқтатылып, олардың жеке мәліметтері тіркеліп, құжаттары суретке түсірілген. Мартин Полак есімді жанкүйердің айтуынша, полиция қызметкерлері ойын басталғанға дейін қонақ үйден шықпауға кеңес берген.

«Қауіпсіздікті ойласақ, қонақ үйден шықпаған дұрыс деді. Клубтың атрибутикасын кимеуді де өтінді. Жақсысы, менде қарапайым киім болған», — деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или