Танымал файтер OCTAGON 77 турнирінде жекпе-жек өткізеді

ТМД елдеріне Камиль карате атымен танымал тәжікстандық Камариддин Хасанов (7-3) OCTAGON 77 турнирінде жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
16 тамызда Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағасында ASP Club ашық аспан астындағы кең ауқымды шара өтеді.
Камиль каратенің қарсыласы әлі анықталған жоқ, бірақ өзбекстандық Одилхон Камолов болуы мүмкін, олар бұған дейін OCTAGON 42 және OCTAGON 64 турнирлерінде кездескен. Алғашқы жекпе-жекте Хаановтың ауыр жарақатымен аяқталса, реваншта төрешілер жеңісті Камиль Каратеге берді.
Айта кетейік, 26 шілде күні Алматыда OCTAGON 76 турнирі өтеді, оның негізгі жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы қазақстандық Георгий Кчигин (32-10) бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) кездеседі.
Кештің басты жекпе-жегінде Олжас Есқараев (16-8) Бразилияның тағы бір файтері Диего Сильвамен (10-4) кездеседі.
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink