Шавкат Рахмонов Абу-Дабидегі UFC турниріне келді

Шавкат Рахмонов Абу-Дабидегі UFC турниріне келді

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов DARTeam командасының құрамында UFC on ABC 9 турниріне қатысу үшін Абу-Дабиге (БАӘ) келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«26 шілдеде Абу-Дабидегі ABC 9 турнирінде Асу Алмабаев Хосе Очоамен кездеседі. Оны DARTeam командасындағы әріптестері қолдауға келді. Олардың арасында Шавкат Рахмонов, Фаниль Рафиков және Қазбек Сағын да бар», - делінген команданың Instagram парақшасында.

Рахмонов пен оның жаттықтырушысы Эдуард Базров жекпе-жек күні Алмабаевтың бұрышында болады деп бұрын хабарланған болатын.

Айта кетейік, Алмабаевтың перулық Очоаға қарсы жекпе-жегі турнирдің негізгі кардында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или