45 жастағы аты аңызға айналған теннисші АҚШ-тағы турнирдің жұптық сынында жеңілді

45 жастағы аты аңызға айналған теннисші АҚШ-тағы турнирдің жұптық сынында жеңілді

Аты аңызға айналған америкалық теннисші, 4 дүркін Олимпиада чемпионы Винус Уильямс Вашингтонда өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың ширек финалында 45 жастағы спортшы Хейли Батистпен (АҚШ) бірге Қытай-америкалық жұп Чжан Шуай / Тейлор Таунсендтен 4:6, 6:3, 6:10 есебімен жеңіліп қалды.

Келесі айналымда Таунсенд пен Шуай Джулиана Олмос (Мексика)/Алдила Сутжиади (Индонезия) - Эмма Радукану (Ұлыбритания)/Елена Рыбакина (Қазақстан) кездесуінің жеңімпаздарымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или