Баходир Жалоловтың АҚШ-тағы жекпе-жегі өтпейтін болды

«Top Rank» промоутерлік компаниясы өзбек боксшысы Баходир Жалолов (15-0, 14 КО) мен италиялық Джанмарко Кардилло (12-1-2, 2 КО) арасындағы жекпе-жектің тоқтатылғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек 26 шілдеде Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді деп жоспарланған болатын.
«Ауыр салмақтағы Баходир Джалолов пен Джанмарко Кардилло арасындағы жекпе-жек тоқтатылды. Кардилло медициналық ақауларға байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды», - деп хабарлады X әлеуметтік желісіндегі «Top Rank» ресми аккаунты.
Айта кетейік, Баходир Жалолов кейінгі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, украиналық Игорь Шевадзуцкийді (12-3, 10 КО) төрешілер шешімімен ұтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или