Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы команда ауыстырды

Қазақстан құрамасының бұрынғы форварды Павел Акользин енді ХК «Сочи» сапында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Shaiba.kz мәліметінше, 34 жастағы шабуылшы СКА-дан айырбас нәтижесінде кеткен. Бұл оның бір маусым ішіндегі үшінші клубы.
Өткен маусымды 34 жастағы хоккейші «Металлург» сапында бастап, КХЛ-ның тұрақты чемпионатында 34 ойында сегіз (5+3) ұпай жинады. Кейін СКА-ға ауысып, онда тағы 30 ойында сегіз (5+3) ұпай еншіледі, плей-офф кезеңінде алты матчта екі шайба соқты.
2017 мен 2021 жылдар аралығында Павел Акользин «Барыс» клубында ойнап, Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или