«Бейбарыс» хоккей клубы бас бапкерімен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Бейбарыс» хоккей клубы бас бапкерімен келісімшарт мерзімін ұзартты

Қазақстанның төрт дүркін чемпионы «Бейбарыс» хоккей клубы бас бапкер Александр Высоцкиймен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін клуб оның көмекшісі Егор Кутугинмен де келісімін жалғастырғанын хабарлаған болатын. Енді жаттықтырушылар штабына қақпашыларды дайындайтын маман Игорь Черников қосылды.

Қазіргі уақытта атыраулық команда Түркістанда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жақында Қазақстан Кубогына қатысатын хоккейшілер осы жиында дайындық үстінде. Кейін команда маусым алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізеді.

Айта кетейік, «Бейбарыс» 2011, 2012, 2016 және 2019 жылдары Қазақстан чемпионы атанған. Алайда өткен маусымда клуб Pro Hokei Ligasy турнирінің плей-офф кезеңіне шыға алмай, тоғызыншы орынмен шектелген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или