Маркус Рэшфорд «Барселона» ойыншысы атанды

Маркус Рэшфорд «Барселона» ойыншысы атанды

Ағылшындық вингер Маркус Рэшфорд ресми түрде «Барселона» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Блауграна» 27 жастағы ойыншыны «Манчестер Юнайтедтен» бір маусымға жалға алды.

Сондай-ақ 30 млн еуроға сатып алу мүмкіндігі бар және «Барселона» жалақысын толықтай өзі төлейді. Ойыншының жылдық жалақысы 14 млн еуроға жуықтайды.

Келісімшарт бойынша «Манчестер Юнайтед» Маркусты мезгілінен бұрын қайтарып ала алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или