Асу Алмабаев алдағы айқас алдында қарсыласына баға берді

Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирінде журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
UFC-де хейтерлерге жауап беру үшін төбелесіп жүрген жоқпын. Өзімнің жеке мақсатым, отбасым үшін шығып, елімнің көк туын желбіретуге себепкер болсам деймін. Жеңсем де, жеңілсем де мені әрдайым Қазақстан жанкүйерлері қолдайды. Осындай деңгейде жүрген соң, талқылау міндетті түрде болады. Одан қашып құтыла алмайсың. Барлығына дайынмын, - деді Асу Алмабаев.
Сондай-ақ, қазақстандық жауынгер перулік қарсылас Хосе Очоа жайлы да сөз қозғады.
Қарсыласым өте мықты. Жас әрі жеңіске аш екендігі көрініп тұр. Кім болса да, октагонға жеңілемін деп шықпайды. Барлығының мақсаты - жеңіс сериясын жалғастырып, ақша табу. Октагон барлығын шешеді, - деп Асу жауап берді.